+7 (7172) 444 684

26.10.2021

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 285

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

149

Дорожно-эксплутационных участков

80

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

20 868,9 км.

Областных филиалов

14

Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік пен қозғалыс мәселесі басты бақылауда. Қарағанды облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері мен «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мамандары бірлесіп рейд жүргізіп, Екатеринбург - Алматы тас жолының жағдайын жіті тексерді

Рейд барысында әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімі бастығы Дулат Әкімов республикалық маңызы бар жолдың жағдайын қатаң қадағалады. Ағымдағы жылы әкімшілік полиция қызметкерлері 100-ден астам тексеріс жүргізген. Жалпы пайдаланымдағы жолды күтіп ұстау бойынша тиісті талаптарды ескермеген  қызметтік және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам айыппұл салынған.  

Дулат ӘКІМОВ, облыстық ПД-нің әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы:

-Қарағанды облысы бойынша әкімшілік полиция қызметкерлерімен тұрақты мониторинг өткізіледі.  Кемшіліктер анықталған кезде нұсқамалар жіберіледі.  Жылдың басынан бері 15 тексеріс өткізілді. Соның нәтижесі бойынша 120 ұйғарым жіберілді. Тексеріс бойынша 8 қызметкер - заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ал, әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімі бастығының мәліметінше, жыл басынан бері ауа райының күрт құбылуына байланысты жол қозғалысына 6 рет шектеу қойылған. Оған ат құлағы көрінбейтін боран мен қатты аяз себеп. Алайда күн  райының қолайсыздығының кесірінен осы жылы 7 жол-көлік оқиғасы белең алған. Салдарынан 5 адам жан тәсілім етіп, 4 жолаушы жарақаттанған.

Әсіресе қыс мезгілінде әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімі мен «Қазақавтожол» ЖШС-нің және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандары жолдарға жоспарлы мониторинг жасайды. Бұл жолы тараптар Екатеринбург-Алматы бағытындағы тас жолына рейдке шықты.

Нұржан ӨКСІКБАЕВ,  «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ ҚОФ-ның пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы:

-Әкімшілік полиция басқармасымен бірлескен жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық маңызы бар  жолдардың жалпы шақырымы 2773 километрді құрайды.

Ал, «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚОФ-ның мамандары республикалық маңызы бар жолдардағы ақ ұлпаны күреуге келгенде арқаны кеңге салып жатпайды. Жол шеберлері тәулік бойы тиісті жұмысты тыпыдай етіп тындырып тастайды. Тіпті жеңіл және ауыр жүк көліктерін тайдырмау мақсатындағы асфальтқа себілетін қажетті тұзды құмның қорыда жеткілікті. Аталған мекеменің  су  жаңа техникаларының басым көпшілігі жаңартылған. Сондықтан олар табиғаттың кез-келген тосын мінезі мен қақаған қысқа сақадай сай.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «Қазақавтожол» ЖШС ҚОФ-ның жол шебері:

-Қазақавтожол» мекемесіне тиесілі қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Республикалық маңызы бар  жолдың бойында барлық жиналып қалған қарлар  тазалануда. Көктайғаққа қарсы  80 тонна құм, 50 тонна тұз араласқан құм себілген. 

Қос саланың қырағы өкілдері ағымдағы жылы 50 автокөлікті қалың қардың құрсауынан шығарған. Өйткені әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын әкімшілік полиция қызметкерлері жол бойындағы қозғалыс пен қауіпсіздікті бақылау шараларын үнемі үзбей, үздіксіз жүргізіп отырады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ  

ИСТОЧНИК: SARYARKA

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

Сізге біздің сайт ұнайды ма?