+7 (7172) 444 684

26.10.2021

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 285

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

149

Дорожно-эксплутационных участков

80

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

20 868,9 км.

Областных филиалов

14

Жол белгілері, қоршаулар, торлар мен қар ұстағыш қалқандар, жолдың негізгі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын дүниелер қолды болуда.

Жыл басынан бері жол құрылғыларының ұрлануы нәтижесінде 60 миллионнан аса соммаға зақым келтірілген. Ал жолдағы адам өміріне және оның қауіпсіздігіне келтірілетін қастандықты теңгемен өлшеп көрсету мүмкін емес.

Көп жағдайда жол белгілері мен қоршауларды жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындары шаруашылыққа қолдану мақсатында ұрлайды. Соның ішіндегі ең жиі кездесетіндері ол, кривбрустар, малдың жолға шықпауын қамтамасыз ететін темір торлы қоршаулар, қар қалқандары мен жылдамдық шектеулері, тіпті автопавильондағы қоқыс жәшіктеріде бар.

Жыл басынан бері ұрланған: 1056 п.м. Қисық сызықты брустер (кривбрус); 2000 м. Темір торлы қоршаулар; 1270 дана Қар қалқандары; 34 дана Жол белгілері мен белгі көрсеткіштері; 36 дана Жол белгі тіректері;

Жолшылар республикалық маңызы бар жолдарды жүйелі түрде патрульдеуіне және жол құрылымдарын ұрлау үшін жауапкершіліктің қатаң нормаларына қарамастан осы сынды жағдайлардың орын алуы туралы айтуда.

Байқап қарасақ жолдағы ұрлық ең көп тіркелген өңір Жамбыл облысы екен, ал жол көлік оқиғасы бойынша екінші орында да осы аймақтың туры ойландыратын жайыт.

Өз кезегінде, бұл мәселені шешуде әр адамнан азаматтық белсенділік танытуын, сонымен қатар жол ұрлығы туралы фактілер мен дәлелдемелер туралы уақтылы хабарлауды сұраймыз.

Қазақстанда жол жамылғысын жақсартуға және республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыру жалғасуда.

 

Бүгінге дейін «Қазақавтожол» ЖШС мамандары шұрық-тесік, ойқы-шойқы жолдың 627 мың шаршы метрге жуығын жөндеген. Сондай-ақ, 189 мың шаршы метрге жуық жол тегістелді. 10 мыңнан астам жол белгісі, 429 ақпараттық панно, 35 жарықдиодты жол белгісі және көпірлердегі қоршаулардың 723 метрі орнатылып, алмастырылған.
Бұдан бөлек, 189 көлік павильоны мен демалыс алаңына жөндеу жүргізілді. 4600 шаршы метрден астам жолға шу жолақтары орнатылды. Сондай-ақ, мамандар шақырымдық белгінің 3547 бірлігін, 26 мыңнан астам дабыл бағанасын және 54 175 дана катафот құрған.

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жол көлік оқиғаларының азаюына және жүргізушілердің зейін концентрациясының жоғарылауына жағымды әсер етуде. Мәселен, шу жолақтары таңдалған жолақтан кету, немесе қауіпті учаскеге жақындау сияқты жол жағдайларына назарды барынша арттырады. Ал жарықдиодты катафоттар мен жол белгілері түнгі уақытта жүргізушілерге жол бойында бағдар көрсетіп, ұйықтап қалмауына көмектеседі.

 

Айта кетейік, Кешенді мақсатты бағдарлама аясындағы жұмыстар жыл сайын жүргізілуде. Бүгін сол жұмыс жоспарының 95%-ынан аса бөлігі жүзеге асырылған.

Республикалық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындық аясында, Серіктестік 554 өндірістік қойманың, оның ішінде 122 қазандықтың, 203 өндірістік базаның (гараждар мен автотұрақтар), химреагенттерді сақтауға арналған 96 қойманың, сондай-ақ 133 жылыту пункті дайындалуда. Атакетерлік жағдай, жылыту пункттері боран немесе қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен олардың жолаушылары үшін алғашқы пана болып табылады. Ол жерде жылы төсек, демалу бөлмелері және өзінің асханасы бар. Жолда қалған кез-келген жүргізуші сонда барып ыстық шәй ішіп, демалып, боранның аяқталғанын күте алады.

Сонымен қатар қыс мезгілің үлкен мәселерінің бірі ол, көктайғақпен күресу мақсатында 73 575 м3 құм, 62 751 м3 елеу (әдетте отсев деп айтады), 17 913 тонна тұз, 14 077 тонна көмір және отын қоры дайындалуда.

Ал жолды дер кезінде қардан тазалау мақсатында 1117 дана арнайы қысқы техника даярланған.

Бүгінгі күнге дейін «Қазақавтожол» Серіктестігі 596 мың шаршы метрден аса жолға жамау жұмыстарын жүргізді, 188 мыңнан астам шаршы метрді тегістеді, 10 426-нан астам жол белгісін, 366 панно, 31 жарықдиодты жол белгісін және көпірлердегі қоршаулардың 634 пагонды метрін орнатып, ауыстырды.

Бұдан бөлек, 178 автокөлік павильоны мен демалыс орны жөнделді, сондай-ақ жолдың 4548 шаршы метріне шу жолақтары орнатылды. Мамандар, 3448 шақырым көрсеткіштерін, 23,5 мыңнан астам сигналдық бағана мен 53 мыңға жуық катафот орнатқан.

Сондай-ақ, жолшылар 39 677 пагонды метр қоршауларды орнатып, жөндеуден өткізді. Жолдың жүріс бөлігіне 30 мың шақырымнан аса жол белгілерін салып, 338 жол буферін орнатқан. Жұмыс жалғасуда.

 

Серіктестіктің мамыр айында бастау алған 2021-2022 ж. қысқы күтіп ұстауға бағытталған жұмысы қарқынды жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда техникалар, жабдықтар мен өндірістік базаларды жөндеу бойынша іс-шаралар жоспары мен жауаптылар бекітіліп, сол бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, жол пайдалану бөлімдерінің шегінде автожолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша жұмысшы штабы ұйымдастырылған.

Ал ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап күзгі-қысқы кезеңдерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ. Төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша аумақтық басқармамен, әкімшілік полициялармен өзара іс-қимыл мен хабарлау жүйесінің жоспарлары әзірленуде.

 

Қазақстанда кешенді мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін «Қазақавтожол» компаниясы 440 мың шаршы метрге жамау жұмыстарын жүргізді, 114 мыңнан астам шаршы метрді тегістеді, 8700-ден астам жол белгісін, 302 панельді, 31 жарықдиодты жол белгісін және көпірлердегі қоршаулардың 571-тен астам метрін орнатып, ауыстырды.

Бұдан бөлек, 133 автокөлік павильоны мен демалыс орны жөнделді, сондай-ақ жолдың 1501 шаршы метріне шу жолақтары орнатылды. Мамандар, сондай-ақ, 1990 километрлік белгілерді, 18,5 мыңнан астам сигналдық бағана мен 46 мыңға жуық катафот орнатқан.


Сондай-ақ, жолшылар 31 мыңнан астам метрге қоршауларды орнатып, жөндеуден өткізді. 25 мың шақырым жолдың жүріс бөлігіне жол сызығын белгілеп, 230 жол буферін орнатқан.
Жұмыстар жалғасуда.

1 мамырдан бастап Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жамылғысының ақауларын жою және жолдың қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша "Екі айлық бағдарлама" бастау алған болатын.

Бағдарлама аясында екі айдың ішінде 418 215 шаршы метр жолға жамау, 7 343 дана жол белгілерін ауыстыру және орнату, 17 155 шақырым жол белгілерін салу жұмыстары басталып кетті.

Қазіргі таңда жол белгілерін ауыстыру және орнату жұмыстарының 49%-ы, жамау жұмыстарының 15%-ы, ал жол белгілерін салу жұмыстарының 42% орындалған. Жұмыстар жалғасуда.

 

 

Республикалық маңызы бар автомобил жолдарында қысқы аяз бен, көктемгі су тасқындарының салдарынан пайда болған жол жамылғысының ақауларын жою және жолдың қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша "Кешенді-мақсатты бағдарлама" бастау алды.

Бағдарлама аясында 14 бағытта жұмыс жүзеге асырылмақ, атай кетсек: Қазақавтожол Серіктестігі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 597 450 шаршы метрінде жамау, 177 212 шаршы метрінде тегіс емес жерлерді жөндеу, 10 490 дана жол белгілері мен 2759 дана шақырым көрсеткіштерін орнату, 410 дана ақпараттық панно, 31 688 дана белгі бағаналарын, 4 157 шаршы метрінде шу жолақтарын, 479 дана жол буферлерін, 51 330 дана катафотты орналастыру, 1101 п.м. көпірлердің қоршаулары мен 76 722 шақырым жол белгілерін салуды, 39 646 п.м. қоршау мен 180 дана автопавильонды жөндеуді көздеп отыр. Сонымен қатар заманауи технологояларды енгізу мақсатында 33 дана жарықдиотты жол белгілерін орнату көзделген.

Жыл сайын көктемнің келуімен үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі-ЖКО) саны артады. Оларды үйде ұстау ақша мен уақыттың артық шығындарына әкелетіндіктен, үй жануарлары алғашқы қармен бірге өріске шығады. Көптеген үй жануарларының иелері оларды жайылымға жіберуді жөн көреді, ал кейбіреулері жай көшеге шығарадыды, бұл өз кезегінде оларды апаттың құрбандары мен себебшісне айналдырады.

ЖКО бойынша "Қазақавтожол" ЖШС статистикалық деректеріне сәйкес Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 2020 жылы жануарлардың (үй малдарының) қатысуымен барлығы 64 оқиға тіркелді, бұл ретте 112 адам зардап шекті және 11 адам қаза тапты. ЖКО - ның бұл түрінің ең көп саны республиканың келесі Алматы және Маңғыстау облыстарында болды.

Сондай-ақ, ЖКО талдау қорытындысы бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанында автожолдарда жануарлардың қатысуымен 8 оқиға тіркелді, онда 12 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам қайтыс болды.

Әсіресе, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жақын орналасқан ауылдар мәселесі аса назарда. Көлік қаққан үй жануарларының басым бөлігінің иелерін анықтау мүмкін емес, себебі оларда арнайы сырғасы бола бермейді, демек, иесін жауапқа тарту мүмкін болмайды.

Өз кезегінде, жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының бақылаусыздығы және үй жануарлары иелерінің жазасыздығы адам өліміне алып келеді. Ал арнайы жарық қайтарғыш ленталарсыз түнде жол бойында жайылып жүрген үй жануарлары жүргізушілер үшін нағыз мина секілді.

Өз кезегінде Қазақавтожол ЖШС жол қызметі Республикалық маңызы бар жолдардың бойында жануарлардан қорғау қоршауларын орнатады. Ал 2020 жылдың соңында Маңғыстау облысында тәжірибе жүзінде үй жануарларының жолға шығуын болдырмау мақсатында елімізде алғаш рет жануарларды үркітуге арналған 3000 п.м. "Электр бақташыс" ультрадыбыстық құралы орнатылды.

Серіктестіктің облыстық филиалдардың бөлімшелері (ДЭУ және ДЭП) жол бөлігінде жайылып жүрген мал табылған жағдайда иелерін анықтау және міндетті түрде жауапкершілікке тарту үшін жергілікті полиция қызметіне дереу хабарлайды. Алайда, бұл мәселені шешуге көмектеспейді.

Жоғары жылдамдықты көрсеткіштері бар автожолдарда автокөлік қарқындылығының артуымен, атқарушы органдардың алдында осы проблеманы жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәселе өткір тұр.

Құрметті шаруа қожалықтарының иелері, фермерлер және үй жануарларының иелері, "Қазақавтожол" ЖШС Сіздерді, азаматтық жауапкершілік танытып, үй жануарларының жол бойында жайылуын болдырмай, олардың үстінде жарық шағылыстырғыш ленталардың болуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

 

Еліміздің барлық өңірлерде бастау алған тасқын сулардың алдын алу шараларымен қатар, ауа-райының оң көрсеткіштерге өскен аймақтарында жолдағы жарықтады толтыру жұмыстары кеңінен орын алуда.

Айта кетсек, жарықтарды толтыру жұмыстары Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Алматы, Шығыс-Қазақстан облыстарында толығымен бастау алып кетті, оң түстік аймақтарда ағымдағы айдың 15 кейін, ал сол түстік және батыс аймақтарында айдың аяғынан бастау көзделіп отыр.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 52 мың погонды метрден астам жарықтары жамау бойынша жұмыстар жүзеге асырылған.

 

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

Сізге біздің сайт ұнайды ма?