+7 (7172) 444 684

20.09.2020

Круглосуточная оперативная информация

+7 (7172) 444 777 wp+7 771 744 47 77

 

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

Апат айтып келмейді. 3 айда 10 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылған. Бұл туралы «Қазақавтожол» серіктестігі директорының орынбасары Нұрлан Смайылов айтты. Ол республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр деді. Қытымыр қыстың қаһарымен күрескен жұмысшылар жайлы әріптесім Ғалымжан Өтемісов айтып береді.

Ақтүтек боран тоқтағанымен зардабы толастамай тұр. Қыс бойы үй бетін көрмей жүрген жұмысшы көп.

Солардың бірі Берік Жұмабаев. Шнекоротор көлігімен жол тазалап жүрген жүргізушінің жолда күнелткеніне бір ай болыпты. Осы салада 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген ол мұндай қалың қарды бірінші рет көріп отырмын дейді. Берік ЖҰМАБАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ: Осында сменшикпен бірге ауысып жұмыс істейміз. Тамақты осында әкеп береді. Мен түнгі сменде істеймін. Қазір әріптесіммен ауыстық. Осында демаламыз, осы жерде түнейміз.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ: Биылғы қыс бұрынғыдан өзгерек. Табиғаттың тосын сыйы жұртшылықты біраз әбігерге салды. Уытқыған бораннан жолдар жабылып, көліктер жол жиегінде қалды.  Ал, серіктестік мамандары республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту үшін мыңға жуық техника жұмылдырылды деп отыр. Иә, биіктігі 4-5 метр болатын қарды тазарту оңай шаруа емес. Ақ ұлпадан қорғайтын қалқандар да қарға бітеліп қалған. Жолға жақын орналасқан Новомарковка ауылының тұрғындары үйінділерді тез тазарту мүмкін емес деп отыр. Олар бірнеше апта жолға шықпағандарын айтып, ағынан жарылды.

Сүйіндік КӨПЕЕВ, НОВОМАРКОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бәлен машина, 100-ден астам көлік жолда қалды. Ерейментау ауданындағы организация мамандары оларды шығарды. Ауылға апарып, сыймағандарын мектептерге орналастырды. Қалаға қатынау қиын болды. Әсіресе нанға жету қиындық туғызды. Тілсіз жау жұмысшыларды да титықтатып бітті. Жауапты мамандар қарды сыру қиынға соққан. Сондықтан, үйіндіні қала маңындағы полигондарға шығаруға мәжбүр.

Нұрлан СМАЙЫЛОВ, «ҚАЗАҚАВТОЖОЛ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Резервтегі тахникаларды да шығардық. Өздеріңіз көргендей жағдай қиын. Бір ғана Нұр-Сұлтан- Ерейментау бағытындағы жолға 30 дан астам көлік жұмылдырылды. Көктем келе су басуы да мүмкін аймақтар бар. Бәрін күн жылынғанша аяқтауға тырысамыз. Мамандар маңызды жолдарды тазартуға 2,5 мыңнан астам жұмысшы тартылды деп отыр. Ел аумағында 80-нен астам жылыту бекеті орналасыпты. Шенділер күн жылынғанша қардан тазарту жұмыстарын аяқтайтындарын жеткізді. Ғ. Өтемісов


Дереккөз: AstanaTV

Карта ограничения дорожного движения по республике

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Послания Президента Республики Казахстан народу Казахстана

President

Послания Президента

Республики Казахстан

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Нравится ли Вам наш сайт?