+7 (7172) 444 684

07.08.2020

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

Кривбрус, торлар, электр кабелдері, трансформаторлар, күн панельдері және тағы басқаларының - республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан ұрлауы жалғасуда.


Жол қызметтерінің республикалық маңызы бар жол желілерінің үнемі және жүйелі түрде бақылап отыруына және мүлкін ұрлау үшін жауапкершіліктің қатаң нормаларына қарамастан, жол белгілері, жарықтандыру жүйелері және жолдағы құрылыс бөлшектерінің ұрлануы азайар емес.

Көбінесе мұндай құбылыстар (ұрлық) Алматы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жиі кездеседі.

Өткен жылы ұрлықтың 40-тан астам фактісі тіркеліп, серіктестікті 27 млн. теңгеден астам сомаға жоспарланбаған шығындарға алып келді.

Жолдарда және жол құрылымдарында, ұрылар көлеміне де қарамастан кішкентай да, үлкен де нысандарды (қоқыс контейнерлері, қоршаулар, жол белгілері, электр сымдары, жол қозғалысын ұйымдастыру бөлшектері мен элементтері, трасформаторлар және т.б.) қолды қылып жатқандығын атап өткіміз келеді.

Мәселен, тек 2019-2020 жылдары: 13 мың метрден астам электр кабелі; 214 дана жол белгілері және ақпараттық белгілер; 100 п.м-ден астам кривбурс; шамамен 250 п.м. жануарлардың (малдардың) жол бөлігіне кірмеуін қамтамасыз ететін қоршау және басқалары ұрланған.

Жол элементтерін және қолданыстағы жасанды құрылыстарды ұрлау, сондай-ақ олардың тұтастығын бұзу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей кедергі келтіретінін ескертеміз.

Анықтама үшін, осы жылдың бірінші тоқсанында жол бойына жануарлардың шығып кетпеуін қамтамасыз ететін торлардың ұрлануына байланысты, үй жануарларымен соқтығысуы нәтижесіндегі жол апаты 22 адамның өліміне алып келді.

Ұрлық анықталғаннан кейін жол қызметі сол мезетте жергілікті полиция бөліміне хабарлайды. Оқиға орнында тексеру актісі жасалынып, жазбаша қатынас хат аумақтық ішкі істер органдарына жіберіледі.

Өз кезегінде, «Қазақавтожол» ЖШС бұл мәселені шешуде әр адамнан азаматтық белсенділік танытуын, сонымен қатар жол ұрлығы туралы фактілер мен дәлелдемелер туралы уақтылы хабарлауды сұрайды.

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Мемлекет басшының жолдауы

President

Қазақстан Республикасының

Мемлекет басшының жолдауы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?