+7 (7172) 444 684

08.08.2020

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында икемді белгі бағаналары мен күн сәулесімен жұмыс істейтін катафоттар орнатылды.

 

Бұл республикалық автомобиль жолдарындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи және инновациялық тәсілі.

 

Күн сәулесімен жұмыс жасайтын катафоттар (жанып-өшіп тұратын) Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарында орнатылды, Атырау және Қызылорда облыстарында монтаждау жұмыстары басталды, осы жылдың соңына дейін еліміздің барлық аймақтарын қамту жоспарлануда. Олар иілген жолақтарға екі жағынан орнатылады, күн сәулесінен зарядталады және жүргізушілердің жолға деген назарының артуына ықпал етеді.

 

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарымен бірнеше рет соқтығысқаннан кейінде қалпына келетін композиттік (икемді) сигналдық бағандар орнатылды. Олар жасанды жарықтандыру жоқ жерлерде орнатылады. Белгі бағаналары орнатылған жерлерде жол иегінің шектеулерін орнату қажет емес. Белгі бағаналары жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастырудың элементі болып табылады және жолды пайдаланушыларға визуалды бағдарлауда жұмыс жасайды.

 

 

Қазіргі уақытта барлық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында композиттік (икемді) белгі бағандары орнатылған. 36,500 дана жоспардың 23 300 данасы орнатылды. Жұмыс жалғасуда.

 

Қабылданған шаралар жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектеседі және жазатайым оқиғалардың пайда болу қаупін азайтады.

 

Болашақта халықаралық және республикалық маңызы бар барлық жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық жол элементтерін орнату жоспарлануда.

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Мемлекет басшының жолдауы

President

Қазақстан Республикасының

Мемлекет басшының жолдауы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?