+7 (7172) 444 684

07.08.2020

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

«Қазақавтожол» ЖШС-нің статистикасы бойынша, 2019 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында үй ірі-қара малының қатысуымен 99 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Аталмыш ЖКО-да 147 адам жарақат алып, 32 адам қайтыс болған. Апаттың осы түрінің ең көп саны республиканың келесі аймақтарында орын алған - Алматыда - 23, Батыс Қазақстан облысында - 11, Жамбылда - 10 және Павлодарда - 9 жағдай.  

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жол-көлік оқиғаларын талдау нәтижелері бойынша жолдарда 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 22 адам жарақат алды, бір адам қайтыс болған.

Қараусыз қалған малдың мәселесі әсіресе көктемнің келуімен ушығады. Үйде малды ұстау ақша мен уақыттың қажетсіз шығындарына алып келеді. Осыған байланысты, көптеген үй жануарларының иелері оларды жайлауға немесе көшеге еркін жайылымға жіберуді жөн көреді, бұл өз кезегінде оларды жол апатының құрбаны болуға және жазатайым оқиғаларға себепкер болуға алып келеді. Әсіресе, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жанында орналасқан ауылдарға қатысты мәселе өткір тұр. Көп жағдайда үй жануарларының белгі-тегтерінің немесе басқа айырым белгілерінің болмауынан мал егесін анықтап оларды жауапқа тарту мүмкін болмай тұр. Өз кезегінде жергілікті билік пен құқық қорғау органдары тарапынан бақылаудың болмауы және үй жануарларының иелерінің жазаланға тартылмауы адам өліміне алып келуде.

 

Өз кезегінде, «Қазақавтожол» ЖШС-гі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал егелерін жауапкершілікке тарту бойынша қолданыстағы айыппұлдар мен шаралардың орындалуын қатаңдату туралы ұсыныспен бірнеше рет ҚР ІІМ-не хат жолдаған болатын. Өңірлік филиалдардың бөлімшелері жол бойында мал табылған жағдайда мал иелерін анықтау және міндетті түрде жауапқа тарту мақсатында жергілікті полиция қызметіне жеделдетіп абарлайды. Алайда, бұл проблема әлі де өз шешімін таба алмай отыр!

Біз өз тарапымыздан жергілікті атқарушы билік пен жергілікті полиция бөлімшелерінің өкілдеріне осы мәселені шешу жолында қолдау көрсетуге дайын екенімізді хабарлаймыз, атап айтқанда осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге қатысу және малдардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын үнемі бақылауда ұстау, атқарушы органдардың және учаскелік полиция бөлімшелерінің өкілдері жол қозғалысы ережелері талаптарын орындауға және жолға малдың кіруіне жол бермеу туралы елді мекендердің тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысуға дайын екенімізді хабарлаймыз.

Жоғары жылдамдықты индикаторлары бар жолдарда көлік құралдарының қарқындылығының артуына байланысты бұл мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет!

Өз кезегінде шаруа қожалықтарының иелерін, фермерлер мен мал иелерін азаматтық жауапкершілікті көрсетуге және малдың жол бойында жайылуына жол бермеуге шақырамыз!

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Мемлекет басшының жолдауы

President

Қазақстан Республикасының

Мемлекет басшының жолдауы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?