+7 (7172) 444 684

07.08.2020

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

«Нұр-Сұлтан» қаласының коммуналдық қызметтері қыс бойы елорданың қарын арнайы қар шығару полигондарына тасымалдаған болатын. Осындай полигондардың бірі қаланың шетінде, Екатеринбург-Алматы тас жолының 1247 км-де орналасқан (Нұр-Сұлтан Атбасар учаскесі). Көктемнің және жылы ауа-райының келуімен орай полигондағы қар еріп, ал қармен бірге келген тұрмыстық қоқыс тау-тау болып сол жерде қалды. Өз кезегінде қоқыс желмен жолға шығып, көліктердің қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыруға кедергі келтіруде.

«Қазақавтожол» ЖШС-і Ақмола облыстық филиалының жол жұмысшысы Сергалиев Қуаныш Камалұлының айтуынша: «Қар полигонға қыс бойын Нұр-Сұлтан қаласынан келген, осы жерге қармен бірге тұрмыстық қалдықтарда алып келінген, қыста көрінбеді, ал қазір қар еріп, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарғана қалды, ал жел оларды жолға шығаруда. Біз күн сайын жолды тазалаймыз, алайда бұл шексіз қоқыстың бітетін түрі жоқ. Білуімше полигонға қалалық әкімдік жауап береді, алайда олардан ешқандай шара қолданылмайды. Біз бұл шексіз қоқыспен ары-қарай қалай күресетінімізді білмейміз» - деп хабарлады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша, қар полигонына қоқыс тастауға тыйым салынады, алайда полигонға қармен бірге алынып келінген қоқыс үшін ешкім жауап бергісі келмейді!

Жолшылардың қоқыспен күрес мәселесі мұнымен аяқталмайды. Мысалы, әйгілі Талапкер ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары мұнда қоқыс контейнерлері жоқ дейді. Қоқыстан құтылудың жалғыз жолы - жақын маңдағы автомобиль жолы бойына қоқыс дорбаларын лақтыру. Ауылдан екі шақырым жерде ескі қалалық қоқыс полигоны бар, алайда, оған жету мүмкін емес себебі ол жерге жол жоқ, ал батпақпен жолсыздан өтіп қоқыс шығару перспективасы ешкімді қызықтырмайды. Сондықтан, ауыл тұрғындарына қоқыс дорбаларын жол бойында қалдыру әлде-қайда жеңіл. Ауыл тұрғыны Зейнел мырзаның айтуы бойынша: «Әкімдікке шағымданудың мағынасы жоқ, өйткені басшылық жиі ауысады. Барлығы жағдайды түзетуге уәде береді, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Мен мұнда 8 жылдан бері тұрамын, мен келгелі осы мәселе бар, шешімі қашан табылатыны барлық ауыл тұрғындарын қобалжытатын мәселе»-дейді.

Осы материалмен біз жергілікті атқарушы биліктің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, экологиялық полиция, қоршаған ортаны қорғаудың мамандандырылған прокуратурасы мен қоғамның назарын экологиялық проблемаға аударғымыз келеді! Жол бойындағы қоқыс проблемалары жергілікті флора мен фаунаның тіршілігіне теріс әсер ететін, ұлттық жолдың эстетикалық келбетін бұзатын және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыруға кедергі келтіретін үлкен мәселе!

Құрметті отандастар, қоқыс қалдықтарымен күрес - ғаламдық экологиялық проблема! Егер жерімізді таза ұстағымыз келсе, өзімізден бастайық!

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Мемлекет басшының жолдауы

President

Қазақстан Республикасының

Мемлекет басшының жолдауы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?