+7 (7172) 444 684

10.12.2019

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

WhatsApp Image 2019 03 10 at 20.52.02

Жол қызметтері Қазақстан бойынша еріген қар суы ағатын кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарда үздіксіз және қауіпсіз жүруді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауда. Бұл жұмыстарға облыстардағы қоғамдық филиалдар, «Қазақавтожол» ЖШС-ң бөлімшелері, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар жұмылдырылды. 

Тұрақты бақылаудың нәтижесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қауіпті учаскелері анықталды. Республикалық маңызы бар автожолдардың барлық желісінде ұзақтығы 361 км болатын 436 су тасқыны қаупі бар орындар айқындалды. Көктемнің барлық кезеңінде ол учаскелер тәулік бойы бақыланады.

Қауіпті болдырмау мақсатында мердігер ұйымдар 23 мың куб метр инертті материалдар, 2 мың куб метр тас, 183 тонна жанар-жағармай материалдарын әзірледі.  Су тасқынының ықтимал салдарын жоюға 689 техника дайын тұр.

Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда еріген қар суының бөгетсіз ағып кетуі үшін су өткізу құбырларын ашу жұмыстары жүргізілуде. 2 996 құбыр аршылды, ол жоспардағының 40,5%-ті (7 373 дана).

Жалпы, тасқын суға қарсы іс-қимыл жұмыстары тұрақты бақылауда.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар қаупі туындаса, «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ мен«ҚазаҚавтожол» ЖШС жол жүрушілерді қауіпті жағдайлардың туындағаны жайында және оларды жою мерзімдері туралы ресми сайттарында дереу хабарлайтын болады.

Республикалық автожолдарда төтенше жағдай орын алған жағдайда жол жүрушілер +7 7172 444 777 қалалық телефон нөмірі арқылы немесе WhatsApp желісіне қосылған +7 771 7444 777 диспетчерлік ұялы телефонына хабарласа алады. Дереккөз: miid.gov.kz

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2019»

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?