+7 (7172) 444 684

19.12.2018

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

1 993

Лесопосадочных участков

7

Дорожно-эксплутационных пунктов

174

Дорожно-эксплутационных участков

78

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

23 510 км

Представительство по моб. работе ГО и ЧС

Областных филиалов

14

Мекемеміздің қазіргі жеткен жетістігі мен алынған белестері, жүйелі жолға қойылған жұмысы бір күндік еңбектің жемісі емес екені анық. Оған жылдар бойы қажырын аямаған ұжым мен саналы ғұмырын осы жол саласына арнаған мамандар себеп болды. Сондықтан қай тараптан бағаласақ та, біздің алдымыздағы аға буындардың еңбегі ерекше, өнегесі мен тағылымы зор.

Солардың бірі, жол саласындағы еңбек ардагері Мұқсен Ғұбайдоллаұлы Бақтыгереев мерейлі жасқа аяқ басып, 80-нің сеңгірін алып отыр.

Мұқсен Ғұбайдоллаұлы 1938 жылы 12 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы, Борық ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Орал қаласындағы №9 техникалық училищеден токарьлық мамандық алып, Ворошилов зауытында токарь болып жұмыс істеді. 1956 жылы өмірінің көп жылын арнаған төл саламыз – жол саласына келіп, Фурманов ауданы – Фурмановтағы № 42 жол пайдалану мекемесінде жол жұмысшы болып жұмысқа орналасты. 1958 жылы Алматы қаласында оқу комбинатында біржылдық мастерлік курс алып, мастерлік жұмысқа ауысты. Дегенмен, жас маманның үнемі ізденіс үстінде жүргенін, білімін кеңейтуге әркез талпынғанын көруге болады. Ол 1963 жылы Шығыс Қазақстан жол құрылысы институтында, 1967 жылы В.В. Куйбышев атындағы Сібір автожолдары интитутында (Омск қ.), 1972 жылы Алматы халық шаруашылық институтында білімін көтереді. 1983 жылы Саратовтың бүкілодақтық жол құрылыс техникумын сырттай бітіріп, құрылыс технигі мамандығын алды.

Кейін инженер, аға инженер, жол оңдеу пунктінің бастығы, ал 1965 жылы № 41 жол пайдалану бөліміне бастық етіп тағайындалады. Солай жол саласында үзбестен 52 жыл 1 ай 28 күн жұмыс істеп, соның 43 жыл 10 ай 14 күнінде мекеме бастығы болды, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліне арнаған қызметтік жолын тәмамдап, зейнетке шықты.

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.34.25

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Мұқсен Ғұбайдоллаұлы бірнеше мәрте аудандық комитет мүшесі, аудандық кеңес депутаты болды. Үлгілі еңбегі еленіп, «Ерлік еңбегі үшін», «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы қызметі үшін», «Жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын дамытуға қосқан еңбегімен ерекше үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. «Жалпақтал аулындағы құрметті азаматы» және «Құметті жолшы» атақтарының иегері. Жоғары мемлекеттік деңгейді ондаған құрмет грамоталары, дипломдар мен алғыс хаттар табысталған, соның ішінде бірнеше рет Астана төрінде Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан алғыс хаттар алғанын мақтанышпен айтуға болады.

Сексенді алқымдаған ақсақал 56 жыл ғұмырын осы жол саласы жұмысына арнап, ел мен елді, қала мен даланы байланыстыратын қатынас жүйесін қалыптастыруға сүбелі үлес қосты. Алғашқылардың бірі болып Шахат, Үлкен және Кіші өзендер арқылы өтетін көпірлерді салуға бас болды. Соның нәтижесінде шалғайдағы Фурманов, Казталов және Жәнібек аудандары үшін экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да маңызды қадам жасалды.

Құрметті Мұқсен Ғұбайдоллаұлы!

Сіздің жұмысқа деген талап пен жауапкершілігіңіз, еңбекке деген сүйіспеншілігіңіз, үлкенге деген құрмет, кішіге деген әкелік қамқорлығыңыз бойыңызға біткен асыл қасиетіңізбен ұштасады Осы салтанатты күні өзіңізге зор денсаулық, берекелі өмір, әр күніңіздің шатты да сәтті болуын, бақ-дәулет, жанұяңызға, бала-шағаңызға береке-бірлік тілейміз!

Бүгінгі толқынға әрқашан аға буынның еңбек жолы мен айрықша орнын ұғынып, қадірлеп отыру парыз. «Қазақавтожол» ЖШС бұдан әрі де сала ардагерлері бен қызметке арналған саналы ғұмыры бар ақсақалдарымыз, аға-апаларымызды ұлықтап, мерейлі мерекелерде ұмытпай, тұрақты құттықтаулар ұйымдастырып жүреді, ал олардың қажырлы еңбек жолын өнеге етіп, жалпыға паш етіп жүруіміз жалғасын табады деп сендіремін.

 


                                                                                                                                                                                              «Қазақавтожол» ЖШС бас директоры Ұлан Әліпов

 

 

 
Охват: 8 чел.
 
 

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2018»

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?