Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың анық көрінбеуі, аяз) Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» а/ж, 83-184 км, Көктұма ауылы - Достық ауылы телімінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыстың шектелуі сақталып отыр.
Жолға шыққан жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің естеріне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты ақпарат алмасу үшін WhatsApp қосымшасында «Қазақавтожол» ЖШС диспетчерлік қызметінің +7 771 7444 777 нөмірі жұмыс жасайтынын саламыз.
Одан бөлек, ақпарат үшін қалалық телефоннан +7 7172 444 777 нөмірі бойынша хабарласуға болады, сондай-ақ жаңалықтарды kazavtodor.kz ресми сайтынан және facebook, Instagram, twitter парақшаларынан оқи аласыздар.
Жолдардың жабылуы/ашылуы жайлы жедел әрі өзекті ақпаратты мына сілтеме бойынша республика бойынша қозғалысты шектеу картасынан қарауға болады: kazavtodor.soft.kz/cr/map.