+7 (7172) 444 684

18.12.2017

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

1 993

Лесопосадочных участков

7

Дорожно-эксплутационных пунктов

174

Дорожно-эксплутационных участков

78

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

23 510 км

Представительство по моб. работе ГО и ЧС

Областных филиалов

14

IMG 4557 23 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» А-10 автожолының 118-123-ші учаскесінде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында болатын төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан-Ресей бірлескен оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі өтті.
Барлық мүдделі ұйымдар мен қызметтердің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қауіпті метеорологиялық құбылыстар жағдайында қауіпсіз және кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттер шекарасындағы бірлескен іс-шараларға қатысып, куә болды.
Жаттығуда жабдықтар, құтқару техникалары, мобильді штаб-пәтер және тағы басқа да құтқару құралдары сыналды. Бұл сынаққа арнайы келген қонақтар да қатысты.
Арнайы штаб-пәтерде  қысқаша баяндамалар тыңдалып, ТЖ кезінде ШҚО дспечерлік қызметінің қалай жұмыс істейтіні туралы бейне роликтер көрсетілді. Оған «Қазавтодор» ЖШС, Қазақстан Республикасы ІІМ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік бюросы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, және т.б. қатысты. Арнайы алаңда жолдардағы төтенше жағдайларды жою бойынша өткен жаттығулар аясында практикалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуда «Қазахавтодор» ЖШС жергілікті жол қызметі, зардап шеккен адамдарды босату және эвакуациялау үшін синхронды және дәйекті іс-қимылдарды көрсетті.
Өз кезегінде жедел жәрдем қызметі жәбірленушілерге алғашқы көмек көрсетуге және жақын маңдағы медициналық мекемеге эвакуациялауға арналған тікұшақпен қамтамасыз ететуді ұйымдастыру сияқты көмектерді көрсетті. Eurocopter 145 тікұшағы оқиға орнынан зардап шеккендерді тасымалдау үшін шартты түрде пайдаланылғанын атап өту қажет.
Оқу-жаттығулардың соңғы бөлігінде ауыр жүк көлігін трассаға тиеу бойынша арнайы техника кранының жұмысы, ҚР автокөлік жолдары ұйымдарының күштері шекара аймағындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстары көрсетілді.  
Олар көлік құралдарын зардап шеккендерге қажетті қолдау көрсетуге және жанармай құю шаралар ұйымдастыруға пайдаланды. Сондай-ақ, жолды қардан тазартуға, автокөлік құралдарын эвакуациялауға, жол қозғалысын қалай қалпына келтіру мәселелеріне қатысты іс-қимылдар көрсетті.
IMG 4633
Оқу-жаттығу қорытындысында қатысушылар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды.
Жалпы алғанда, жаттығуға қатысушылар түрлі көліктерімен жол-көлік апаттарынан туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірлескен іс-шаралар кешенін өткізудің маңыздылығын көрсетті.
Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен алгоритмді  қалыптастыру және бекіту қажеттілігіне келісті. Сондай-ақ келесі жаттығудың алдында шешімдердің бірлескен хаттамаларын жасау ұсынылды.
Шекарадағы шара кез-келген уақытта және кез-келген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызметтердің дайын екенін дәлелдеді.
 

ҚР ИДМ баспасөз хатшылығы
"Қазақавтожол" ЖШС баспасөз хатшылығы

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

ВЫСТАВКА

ВЫСТАВКА

Приглашаем посетить Международную выставку «Казавтодор-Кaztraffic-2017»

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?