Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында «Қазақавтожол» РМК жыл сайын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекітетін «Кешенді мақсаттық бағдарлама» қабылдайды. Биыл КМБ аясында жалпы қолданыстағы республикалық маңызы бар автожолдар төсемінің қысқы кезеңде пайдаланудан туған ақауларын жою және жолдарды одан әрі жайластыру мақсатында сәуір-маусым айларына арналған екі айлық жоспар әзірленіп, бекітілген болатын.
Атап айтқанда, Жоспар аясында 1 сәуір мен 1 маусым аралығындағы кезеңде Ақмола, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдар жөндеу жұмыстарын атқарды. Бүгінгі таңда аталған филиалдарда 189 мың ш.м жол шұңқырларын жөндеу (127 %), 158 мың ш.м жолтабандар (сораптар) мен жол тарамдарын жою (140 %), 7972 км көлік жүретін бөлікті сызып белгілеу жұмыстары жүргізілді (124 %), 3122 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды (132 %), соның ішінде – 222 ақпараттық панно (131 %), 5286 сигнал бағаны (144 %) және 319 километрлік нұсқау белгісі орнатылды (138 %), 14 мың м жол қоршаулары орнатылып, жөнделді (136 %), 490 м көпірлердің таяныш қоршаулары орнатылып, ауыстырылды (141 %), 81 автопавильон мен демалыс алаңы жөнделді (105 %).
Тағы жеті облыстық филиалда жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 15 маусымға дейін жалғасады.
Атап өтейік, «Қазақавтожол» РМК аталған жоспарды орындау мәселелері бойынша облыстық филиалдармен апта сайын жедел технологиялық және селекторлық байланыс жүргізеді.
«Қазақавтожол» РМК
баспасөз хатшылығы