+7 (7172) 444 684

2017, 23 шілде

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

1 993

Лесопосадочных участков

7

Дорожно-эксплутационных пунктов

174

Дорожно-эксплутационных участков

78

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

23 510 км

Представительство по моб. работе ГО и ЧС

Областных филиалов

14

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 1266 қаулысына сәйкес «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері жол саласында бірыңғай техникалық және нормативтік саясатты жүзеге асыру, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жүйесін және оның бойындағы құрылыстарды басқару, жолдардың құрылысы мен жөндеудің барлық түрлеріне тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру.

1999 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін шаруашылық тәсілімен 39 өндірістік жол бөлімшелері (ӨЖБ), 1 ағаш отырғызу бөлімшесі (АОБ) және өндірістік жол учаскелері құрамында 91 жол-пайдалану пункттері құрылды.

«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жол саласын реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 227 қаулысымен «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құрылды. Тапсырыс берушілер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметтері «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі РМК) қатысты уәкілетті орган болып табылатын қайта ұйымдастырылған Автомобиль жолдары комитетіне берілді.

«Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысымен «Қазақавтожол» РМК республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, көгалдандыру және ағымдық жөндеу бойынша жұмыс өндірісі бойынша бірыңғай мердігер болып белгіленді.

Кәсіпорынмен 23,5 мың км автожолға қызмет көрсетіледі. Басым сипаттағы бағыты – бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар алты халықаралық дәліздер.

«Қазақавтожол» РМК-ның құрамында – 14 облыстық филиалы, 77 жол-пайдалану бөлімшелері, 174 жол-пайдалану пункттері, 7 ағаш отырғызу бөлімшелері бар. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсету үшін «Қазақавтожол» РМК-да 3,5 мың адам жұмыс істейді. Жыл сайын инженерлік-техникалық қызметкерлердің, механизаторлардың біліктілігін арттыру бойынша курстар, автожол саласы мамандығы бойынша ЖОО-да студенттерді оқыту жүргізіледі.

Кадрлардың тұрақтылығының негізгі факторы жалақының жыл сайын көбейтілуі, еңбек сіңірген жылдарына қосымша ақы төлеу, еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, жалақыны уақытында төлеу, қызметкерлердің кәсіпорынның әрдайым жұмыс көлемдерімен қамтылатындығына сенім.

«Қазақавтожол» РМК-ның техникалық базасына өндірістік кешендер, жөндеу шеберханалары, асфальт-бетон зауыттары (АБЗ), арнайы жол техникалары кіреді. Техникалардың жалпы саны 1993 бірлікті құрайды. Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін арнайы көп функционалды техникалар: аралас жол машиналары (КДМ), автогрейдерлер, шнекороторлар, бульдозерлер, катоктар, жүк тиегіштер және басқа механизмдер жұмысқа тартылды. Жыл сайын машиналар мен механизмдердің паркін жаңарту жүргізіледі, республикалық бюджеттің және кәсіпорынның өз қаражаттары есебінен техникаларды сатып алу жүзеге асырылады.

«Қазақавтожол» РМК-ның негізгі міндеті автокөліктердің жыл сайынғы үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады. Жаз кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша жұмыстардың шеңберінде кәсіпорынмен жыл сайын 1,5 млн. м2 шұңқырды жөндеу орындалады, 12 мың дана жол белгілері қондырылады, 10 мың км белгілеу, сондай-ақ жолдарды жол жабдықтарының элементтерімен аббаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кәсіпорында жол белгілерін, сигналды бағаналарды, қоршауларды, асфальт-бетон қоспаларын, қиыршықтастарды шығару бойынша өз өндірісі жолға қойылған. Қыс кезінде жүргіншілер бөлігін қардан тазарту, жолдардың қауіпті телімдеріне (биік өр, қия, бұрылыс) тайғаққа қарсы материалдарды себу жүргізіледі. «Қазақавтожол» РМК-ныңкөп жылдық тәжірибесі бойынша автожолдардың қар басып қалатын телімдері анықталды, оларға жол техникалары бекітілген және қардан қорғайтын қалқандар орнатылған.

Жол полиция органдарымен және ТЖ-мен бірге төтенше жағдайлар туындаған және жою кезінде өзара іс-қимыл жасау бойынша бірлескен іс-шаралардың жоспарлары әзірленуде.

Кәсіпорында оперативті-технологиялық және селекторлық байланыс енгізілген, бұл өзгерген жағдайға шапшаң әрекет жасауға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлардың зардаптарын және оның туындау фактісін жою үшін техникалар мен жеке құрамды ауыстыру бойынша дер кезінде шешімді қабылдау. Сондай-ақ ЖПБ деңгейінде әрбір механизаторға дейін қызметкерлердің іс-қимылдарын басқару және үйлестіру.

Кәсіпорын жұмыс өндірісі кезінде автожолдарды күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларды енгізеді. Қыс кезінде минус 15 ºС температурада шұңқырды жөндеу жыл ішінде жабынның ақауларын уақытында жоюға мүмкіндік беретін, МАК-ұнтақ негізінде асфальт-бетон қоспасымен орындалады. «МАК-ұнтақ негізінде дайындалған асфальт-бетон жабынды суық битум-минералды қоспалармен жөндеу бойынша ұсынымдар» әзірленді және Автомобиль жолдары комитетімен бекітілді.

Дәстүрлі тұз аралас құм қоспасын себуден басқа, тайғақ құбылыстарын жою кезінде ең тиімді әдіс болып табылатын магний-натрийлі ерітінді қолданылады.

«Қазақавтожол» РМК – бұл Қазақстан автожолының негізгі саласы. Кәсіпорынның заманауи техникалық базасы және өндіріске жаңа технологияларды белсенді енгізу кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етеді, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу және көгалдандыру бойынша жұмыстарды орындау кезінде халықаралық стандарттардың сапасына кепілдік береді. Кәсіпорынмен орындалатын жұмыстар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, оны 2005 жылы алынған Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификаты растайды (ҚР СТ ИСО 9001-2001). Жол-құрылыс материалдарын техникалық талаптарға және МСТ-ға сәйкестігін тексеруге құқық беретін аккредиттелген зертханасы бар.

«Қазақавтожол» РМК әрдайым әртүрлі көрмелерге қатысады, автожол құрылысы саласындағы жетістіктері үшін көп мөлшерде марапаттары мен алғыс хаттары бар. 2003 жылы Мәскеуде «Ресейдегі Қазақстан күні» бағдарламасы шегінде «Қазақавтожол» РМК Қазақстанның автожол саласын таныстырды.

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Сізге біздің сайт ұнайды ма?